Жақында Алматыда "Тазы" деректі фильмінің ресми таныстырылымы өтті. Аталған шараға картинаның режиссері Қанат Бейсекеев, туындының басты кейіпкерлері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Кеш барысында фильмді үлкен экраннан тамашалауға және оның авторларымен жеке танысуға мүмкіндік туды. Мұндай мүмкіндік Yandex Qazaqstan компаниясының демеушілігінің арқасында іске асты.

Есентай сауда орталығында кинопарк желісіндегі Тазы" деректі фильмінің offline премьерасымен қатар, Кинопоиск" платформасында да онлайн көрсетілімге шықты.

Фильмде қазақтың сирек кездесетін аңшы иті – тазы тұқымы, сондай-ақ оны сақтап қалуға өмірін арнаған жандар туралы баяндалады. Туынды тазы тұқымын дамыту және сақтауды ұлттық мұра, маңызды миссиясы деп санайтын өз ісіне берілген кейіпкер Рашид жайында.

Yandex Qazaqstan компаниясының қолдауымен жүзеге асырылған бұл жобаның басты мақсаты –Қазақстанның мәдени құндылықтарын дәріптеу және бірегей дәстүрлерді сақтауға ден қою.

"Біз үшін Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға және оны жаңа қырынан тануға көмектесетін жобаларды қолдау өте маңызды. "Тазы" фильмі – бұл тек ит тұқым туралы ғана емес, сонымен қатар тазыға деген сүйіспеншілік адамның мінезін, құндылықтарын қалай қалыптастырып, ішкі бағдарына қалай оң әсер ететіні туралы оқиға", - деп атап өтті Yandex Qazaqstan жетекшісі Тимур Шәлекеев.

Картина режиссері Қана Бейсекеев фильмнің тақырыбы алғашқы көзқарасқа қарағанда әлдеқайда терең екенін жеткізді:

Картина режиссері Қана Бейсекеев туындының тақырыбы бір қарағанда жеңіл болуы мүмкін екені, бірақ оның астары алғашқы әсерден де мазмұнды екенін алға тартты.

"Бұл фильм – тек иттер туралы емес, өмірі дәстүрмен және мәдениетпен тығыз байланысты адамдар жайында. Рашидтің оқиғасы арқылы көрермендер біздің тамырымыз бен құндылықтарымызды сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді деп үміттенемін", - деп атап өтті картина режиссері Қанат Бейсекеев.

Деректі туынды қазірдің өзінде "Кинопоиск" платформасында қолжетімді. Ол деректі фильм сүйер қауымнан бастап, Қазақстанның мәдениеті мен тарихына қызығатын барлық көрерменге арналған.

Назира БУРХАНОВА