Дүние жүзіндегі қалалар мен елдерді біріктіретін жалпы мереке - 9 мамыр Жеңіс күні жақындап келеді. Өкінішке орай, Ковид-19, биыл да ,1945 жылдан бері жалғасып келе жатқан ұлы Жеңіс парадын көру мүмкіндігін шектеп отыр.

Сол алғашқы парадты көргендер азайып барады. Сондықтан мен әлі күнге дейін арамызда жүрген ардагерлерді құрмет тұтып, күнделікті өмірде оларды сөзбен және іспен қолдау арқылы көмек көрсеткім келеді.

«Жетісу күші» Қоғамдық қоры Алматы қаласы, Алмалы ауданының әкімдігімен бірлесіп, 2021 жылы 6 мамырда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізуді қолға алды. Алматы қаласының он тыл ардагері «Asia Beauty» сұлулық салонының қызметтерін сыйлық ретінде алады. Кәсіби сән шеберлері бұл күні қонақтарға ерекше ықыласпен қызмет көрсетеді.