3 қазанда Алматы қаласындағы Абай алаңында, Республика сарайының алдында, «SULTAN» халықтық №1 брендінің 30 жылдығына орай ашық аспан астында қалалық фестиваль өтеді.

Мереке әр буын өкілдері мен көптеген отбасыларды біріктіріп, жылулық пен жайлылықтың мекеніне айналады. Іс-шараға кіру тегін, фестиваль барша келушілер үшін ашық.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік және ойын-сауық бағдарламасы әзірленеді. Көрермендерді танымал әншілердің өнер көрсетуі, балаларға арналған бағдарлама, интерактивтер, байқаулар және DJ-сет күтеді.

Бағдарлама:

  • 17:45 — балаларға арналған бағдарлама;
    ● 18:30 — Бүркіт пен Аишаның өнер көрсетуі;
    ● 19:35 — «Дос-Мұқасан» ансамблінің әндері;
    ● 20:15 — Мурат Япрактың орындауындағы түрік хиттері;
    ● 21:15 — Ғалымжан Молданазардың концерті;
    ● интерактивтер, байқаулар және DJ-сет.

Іс-шараның жүргізушілері — Радмир Зейдин және Саяна Жолдас.

Күні: 3 қазан
Уақыты: 17:00–22:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай алаңы, Республика сарайының алдында
Кіру: тегін

Іс-шараның толық ақпаратын және жаңалықтарын Instagram парақшасынан табуға болады: sultanmarketing_kaz