19 мамыр күні сағат 13.00-де Asia Beauty сұлулық салонында шебер-стилисттер мен «Жетісу күші» қоғамдық қоры Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімдігімен бірлесіп, 2019 жылы Стамбулдағы Босфор бұғазын жүзіп өткен параспортшы Бақтыгүл Әлімбекованы қарсы алды.

Бақтыгүл скандинавиялық жүріс бойынша Алматы Марафонына үнемі қатысады. Үстел теннисінен спорт шебері және сонымен қатар параби командасының мүшесі.

19052021 1

«Жетісу күші» қоғамдық қоры Бақтыгүлді мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен әйелдерді қолдау жобасы аясында салонның қонағы болуға шақырғаны кездейсоқ емес. Оның табандылығы, еңбекқорлығы және салауатты оптимизмі көптеген әйелдерге үлгі болып табылады.

Сұлулық салонының мекен-жайы: Asia Beauty Қазыбек Би, 105.