Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта мегаполис аумағында орналасқан жеке емханалар басшыларымен кездесу өткізді. Кеңеске қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Н. Табынбаев пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ аумақтық филиалының басшысы Т. Әбілдаев қатысты.
Індет кезінде және елде "үнді" штаммы айналымының ағымдағылардан 2 есе қауіпті екенін ескере отырып, қалалық штаб халықты вакциналау жұмыстары күшейтетін болады.
Ержан Бабақұмаров Алматыда жұқтырудың жаңа толқынын болдырмау үшін ұжымдық иммунитеттің қалыптастыруды жеделдетуге назар аударды
"Басты мақсат – қала тұрғындарының денсаулығы мен экономиканың жұмыс істеуінің жалғыз қорғаны болып табылатын вакцина жүргізуді жеделдету. Бүгінде халықтың 30%-да ұжымдық иммунитет қалыптасқан, алдағы міндет – 70-75% қамту. Вакциналау қарқынын төмендетуге болмайды; бұл COVID-19 жаппай жұғуының алдын алуға және алматылықтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді», - деді қала әкімінің орынбасары.
Айта кетерлігі, “Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы” ҚР Кодексіне сәйкес, медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері өзгелерге қауіп төндіретін аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізуге міндетті. Вакцина инфекцияның алдын-алудың және болдырмаудың құралы. Ұжымдық иммунитет өз кезегінде медициналық қарсы көрсеткіштері бар екпе алмаған адамдарды, балаларды, жүкті әйелдерді халықтың инфекцияларға қарсы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейіне жету арқылы қорғайды.
Еске салсақ, Алматыда 23 маусымдағы жағдай бойынша барлығы 386 мыңнан астам адам, ал тәулік ішінде 5 840 адам екпе алды. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді. 1 257 адам нан құралған 304 екпе бригадасы жұмылдырылған. Бүгінде қалада қолда бар вакцианның қалдығы мынадай: бірінші компонентінің 72 328 дозасы, екінші компоненттің 99 473 дозасы.