Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді. Ол Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеп, 2021 жылдың қорытындысын шығарды.
Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, биыл 546 өтініш келіп түскен, оның ішінде 236-сы бойынша консультативтік-құқықтық көмек, 310-ы бойынша проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсетілген. Қорғалған мүліктік құқықтардың сомасы 10 млрд теңгеден асты.
Әдетте, өтініштердің басым бөлігі салық салу мәселелері бойынша түседі, сондай-ақ мемлекеттік органдарға шағымдар, Ashyq жобасы бойынша объектілерді ашу мәселелері болды.
Ең өткір мәселелер кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің 10 отырысында қаралды. Сонымен қатар, айтылған мәселелер расталды, ал мемлекеттік органдар кеңес ұсыныстарымен келісті. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде мемлекеттік органдардың 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жергілікті полиция қызметінің екі қызметкері лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жұмыстан шығарылды.
«Біздің сарапшылар 83 азаматтық және әкімшілік істер бойынша түрлі сот инстанцияларына қатысып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады. Бизнес мүдделерін қорғаудың тағы бір мысалы республикалық және аймақтық нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жүргізу болып табылады», - деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры.
Палата қызметі бағыттарының бірі әкімшілік кедергілерді жою болып табылады. Мәселен, Палата осындай 31 фактіні анықтады.
«Егер жағымды кейстер туралы айтатын болсақ, Палатаның Алматы қаласы бойынша МКД-ға жүгінуінің арқасында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері арасында хабарламалармен алмасудың техникалық проблемасы жойылды. Осы мәселеге байланысты кәсіпкерлер қарызының жоқтығы туралы анықтама ала алмады», - деп атап өтті А. Қошмамбетов.
Сондай-ақ, құқықтық блок сарапшылары тұрақты емес жолаушылар тасымалы (туристік және балалар автобустары) саласында жұмыс істейтін 25 кәсіпкерге көмек көрсетті. Палата оларға автобус жолағында жүруге рұқсат алуға көмектесті.
Бұдан басқа, Алматы серіктестігіне көмек көрсетілді, оған аумақты және жазғы алаңды абаттандыру үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскесін жалға алуды ұзартуға 4 рет рұқсат берілмеді. Кәсіпкер Жоғарғы Сотта сот дауларынан айырылды, бірақ Палата араласқаннан кейін мәселе бизнес субъектісінің пайдасына шешілді.