Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ретроспективті түрде, 01.01.2023 жылдан бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің (бұдан әрі – АСР) қолданылуы қайта басталды.

Бөлшек салықтың АСР мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:

  1. салықтық кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды;
  2. күнтізбелік жылдағы кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
  3. осы режимді қолдану мақсаттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің тек қана біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 қаулысы).

Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, КТС/ЖТС-ын есептеуді бөлшек салықтың АСР-ін қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезең ішінде салық салу объектісіне мынадай мөлшердегі мөлшерлемені өз бетінше қолдану арқылы жүргізеді:

Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша – 4 %;

КТС/ЖТС-ын есептеу үшін шығыстар сомаларын шегерімге жатқызу бойынша осы Кодекстің 242-б. 3-2-т. нормаларын қолданатын салық төлеушілерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша – 8 % (Салық кодексінің 696-3 б. 4 т.).

Сонымен қатар, жергілікті өкілді органдардың белгіленген қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне қарай мөлшерлемені (4%) 50 %-ан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқығы бар. Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара азайтуға тыйым салынады (Салық кодексінің 696-3 б. 5 т.).

Мұндай шешім ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылданады, ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Бұл ретте 2023 жылға ставка мөлшерін төмендету туралы мұндай шешім а.ж. 1 шілдесінен кешіктірілмей қабылданады және ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Бүгінгі таңда Қарағанды, Қызылорда облыстары және Астана қаласы бойынша жергілікті өкілді органдар мөлшерлеменің мөлшерін төмендету туралы шешім қабылдады (тізім қоса жалғанды).

№

Атауы

Шешім қабылданған күні және №

Ставкасы

Қарағанды облысы

1

Абай ауданы

№ 6/58, 22.06.2023

2%

2

Қарағанды қ.

№ 56, 27.06.2023

2%

3

Қарқалы ауданы

№ VIII-5/51, 27.06.2023

2%

4

Нұра ауданы

№ 30, 27.06.2023

2%

5

Осакаров ауданы

№ 6/65, 27.06.2023

2%

6

Сарань қ.

№ 37, 27.06.2023

2%

7

Теміртау қ.

№ 6/7, 30.06.2023

2%

8

Бухар-Жырау ауданы

№ 9, 27.06.2023

2%

9

Шахтинск қ.

№ 269/4, 27.06.2023

2%

10

Ақтоғай ауданы

№ 49, 27.06.2023

2%

11

Шет ауданы

№ 3/34, 26.06.2023

2%

12

Балхаш ауданы

№ 5/52, 30.06.2023

2%

13

Приозерск қ.

№ 6/42, 27.06.2023

2%

Қызылорда облысы

14

Жалағаш ауданы

№ 4-4, 27.06.2023

2%

15

Жаңақорған ауданы

№ 52, 27.06.2023

2%

16

Қазалы ауданы

№ 52, 30.06.2023

2%

17

Қармақшы ауданы

№ 53, 23.06.2023

2%

18

Қызылорда қ.

№ 45-5/1, 30.06.2023

2%

19

Арал ауданы

№ 69, 23.06.2023

2%

20

Сырдария ауданы

№ 41, 30.06.2023

2%

21

Шиелі ауданы

№ 4/2, 27.06.2023

2%

Астана қ.

22

Астана қ.

№ 50/5-VIII, 30.06.2023

3%

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі