Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы халықаралық әуежайында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде Италиядан келген қорап ішінен кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер, болжам бойынша құмырсқалар бар 7 пробирка мен 22 пластикалық контейнер табылды.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 21.04.2015 ж. №30 шешімінің 2.6-тармағына сәйкес 01-топқа жататын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды бойынша жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне кіреді.
Осылайша, рұқсат құжаттарынсыз тірі жәндіктерді Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды.
Осы факт бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жіберілді.
Департамент тыйым салынған және шектелген тауарлардың, оның ішінде әскери және қос мақсаттағы тауарлардың қозғалысына тұрақты негізде бақылау жүргізілетінін еске салады.