Бизнестің таңдауы болуы керек

2023 жылғы 24 тамызда сағат 14:00-де Қазақстан кәсіпкерлері «Парасат» кәсіпкерлер альянсы құрылатынын мәлімдеді. Альянс «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына балама болады.

Бизнесмендер «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы өңдеу өнеркәсібі комитетінің экс-төрағасы, «Казхимпром» ЗТБ басқарма төрағасы Пак Олег Алеексеевичтің «Парасат» кәсіпкерлер альянсына бірігу туралы бастамасын қолдады.

«Біз «Парасат» кәсіпкерлер альянсы құрылылатынын хабарлаймыз және «Атамекен» Қлттық кәсіпкерлер палатасына бәсекеге қабілетті балама болатын бірлестіктің концепциясын назарларыңызға ұсынамыз», – деді «Парасат» кәсіпкерлер альянсынының басқарма төрағасы, бастамашысы Олег Пак.

Спикер Альянс ел Президентінің Мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуынан бас тарту жөніндегі экономикалық бағытын нақты ұстанатынын атап өтті.

«Біз бәсекеге қабілетті және ғылымға бағдарланған өнеркәсіпті құрғымыз келеді. Экономика құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту, шикізат секторынан тәуелділікті азайту және отандық өнімнің құндылығын арттыруды қалаймыз», – деп атап өтті Олег Пак. 

Баспасөз конференциясы барысында жаңа құрылымның негізгі мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ Альянсты құру алғышарттары, жүйелі проблемалар мен оларды шешу жолдары айтылды. Жұмыстың негізгі үш бағыты айқындалды. Атап айтқанда, заң шығарушылық, базалық өндірістерді дамыту және әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім. Бұл бағытқа да басымдық беріледі. Сонымен қатар Қазақстан өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін арттыру және басқа да проблемаларды шешуге жәрдемдесу.

«Қысқа ғана уақытта үлкен жұмыс атқардық. Қазіргі кезде Альянсқа мыңға жуық кәсіпорын атынан 25 салалық одақ пен бизнес бірлестіктер біріккенін қуана хабарлаймын. Оған электр энергетикасы, химия және фармацевтикалық өнеркәсіп, тау-кен, медцицина, мұнай мен газ және басқа да салалар кіреді. Өңдеу өнеркәсібі отандық экономиканың драйвері бола алатынына бек сенімдімін», – деп Олег Пак жаңа құрылған Альянс Төралқа құрылымы бойынша ұсыныс қабылдауға ашық екенін атап өтті.

Жиында спикер ретінде сөз сөйлегендер қатарында «Цифрландыру сарапшыларының Орта Азиялық қауымдастығы» ЗТБ (CADEA) президенті Әмір Ержанов, Қазақстан халқы ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының Алматы қаласы бойынша өңірлік директоры Ерлан Мейрамбаев, «Өрлеу» есту бойынша мүгедектерді әлеуметтік-еңбекпен оңалту кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ өкілі Мұхаметжан Зұлпықаров болды.

Баспасөз конференцияға қатысушылардың айтуынша, 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жаңа бизнес бірлестіктің жедел қызметін бастау үшін барлық заңды және ұйымдастырушылық рәсім аяқталады.

Баспасөз конференцияның қорытындысы бойынша «Парасат» кәсіпкерлер альянсы мен Қазақстан халқы ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығы арасында Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім жасалды, және «Парасат» кәсіпкерлер альянсы мен «Цифрландыру сарапшыларының Орта Азиялық қауымдастығы» ЗТБ (CADEA) арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.