20 қазанда Алматыда Еңбек мобильділігі орталығы және Алматының мансап орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Алтынай Жүкенова мәлімдеді.
Іс-шара Достық, 56 мекенжайындағы Абай алаңында сағат 11.00-де басталады.
«Бос орындар жәрмеңкесін өткізудің мақсаты жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту болып табылады. Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, жұмыс ал іздеушілер қысқа мерзімде персоналды таңдауға мүдделі жұмыс берушілермен сөйлесе алады, қызықтыратын бос орындарды таңдап, таңдалған бос орынға өту үшін әңгімелесуден өте алады», - деді А.Жүкенова.
Жыл басынан бері барлығы 26 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 10553 бос жұмыс орны бар қаланың 1298 кәсіпорны мен мекемесі және 27182 адам қатысты. Нәтижесінде 500-ден астам адам жұмысқа орналастырылды, 200-ге жуық адам кәсіптік оқытуға жіберілді.
«Бір ай бұрын жалпықалалық жәрмеңке өткізілгенін атап өтейік. Жәрмеңкеге 160-қа жуық жұмыс беруші қатысты, олар өнеркәсіпте, өндірісте, сауда желілерінде, тамақтануда, медицинада, фармацевтикада, білім беруде 2500-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды. 5000 - нан астам ізденуші қатысып, кеңес алды, оның ішінде 1000-нан астам ізденуші жұмысқа орналасуға жолдама алды, 230 адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылды», - деп бөлісті спикер.
Барлық туындаған мәселелер бойынша Алматы қаласының мансап орталығына Достық даңғылы 85, «Әлеуметтік қызметтер үйі» мекенжайы бойынша хабарласу қажет. Сонымен қатар, қаланың 8 ауданында орталық мамандары азаматтарды қабылдау және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.
Бірыңғай нөмірі 310-47-82 бойынша call-орталық жұмыс істейді. Сондай ақ қажетті ақпаратты ctm-almaty.kz сайтынан және орталықтың әлеуметтік желілерінен табуға болады.