Қазақстандықтар 25 қазанда Ұлттық мереке – Республика күнін атап өтеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Республика күнін мерекелеудің маңыздылығына, халықтар мәдениетін, олардың тілдерін дамытуға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға арналған брифинг өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 1990 жылғы 25 қазанда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының қаулысымен қабылданған мемлекеттік егемендік туралы Декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін бекітті.
Біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге Республика күнінің рухы мен мәнін барынша көрсететін жалпыұлттық бастамалар қажет екенін атап өтті.
Алматы қаласы ҚХА орынбасары, Алматыдағы «Қазақстандық Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Всеволод Лукашев журналистер алдында сөйлеген сөзінде алматылықтар мен ел тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтады.
«Бұл сезіну, шешім қабылдау мерекесі және жасампаздық мерекесі. Республика күні дегенде маған осындай ой оралады. Бұл біз Тәуелсіздік декларациясына сүйене отырып, жаңа ел құруды бастаған кезіміз», - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Всеволод Анатольевич Республика күні елдегі жалғыз ұлттық мереке екенін және оның маңызы өте жоғары екенін атап өтті. Бұл күн біздің мемлекет ретінде қалыптастақынымызды білдіреді. Спикер Республика күні – бұл біздің болашағымызды жасау екенін де айтты.
Республика күніне орай этномәдени бірлестіктердің өкілдері бірқатар іс-шараларды жоспарлағанын айта кетейік. Кейбіреулер ардагерлерді құттықтаса, басқалары жастарға назар аударады, ірі, көрнекті іс-шаралар өткізіледі. «ҚХА стратегиясын іске асырудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі» атты үлкен дөңгелек үстел өтті, шағын футболдан турнир, армян қауымдастығында концерт өткізілді, іс-шараны Аналар кеңесі өткізді. 23 қазан күні сағат 14.00-де Қазақ ұлттық филармониясында іс-шара өтеді.
Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайрыев брифингке спикер ретінде қатысты, 25 қазан датасы егемендік жолындағы алғашқы үлкен қадам екенін атап өтті. Бұл мереке кеңінен насихатталуы керек.
«Мен көптеген жастар ұйымдарының түрлі креативті, заманауи іс-шараларды ойлап тауып, Республика күнін мерекелеуге қосылғанына өте қуаныштымын. Бүгінде жастар ел тарихына, оның алғашқы қадамдарына қызығушылық таныта бастады», - деді Рустам Қайрыев.
Жастардың қосқан үлесі туралы айта келе, Рустам жақында Алматы облысында Zhastar Generation – 2023 Республикалық слеті өткенін, оған еліміздің 12 өңірінен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысқанын айтты. Іс-шара Республика күнін мерекелеуге орайластырылған. Слеттің ашылуында ҚР туы көтеріліп, Әнұран орындалды.
«Іс-шарада республиканың қалыптасуы кезең-кезеңімен басталған мәселелер талқыланды, көптеген интерактивті алаңдар болды, олардың кейбіреулері мемлекеттік рәміздерге арналды. Бұдан басқа, 25 қазанда Алматы көшелерінде интерактивті ойындар жоспарланған. Республика күніне байланысты дұрыс жауап бергендер үшін Қазақстан символикасы бар сыйлықтар берілетін болады», - деп толықтырды Рустам Қайрыев.
Бұл іс-шаралардың барлығы мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталуы өте маңызды.