Коммуналдық инфрақұрылым қалай жаңғыртылып жатқанын Алматы қаласының ӨКҚ брифингінде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев айтып берді.
Өз сөзінде аудан әкімі тозығы жеткен электр желілері проблемаларын атады. Оның айтуынша желілердің 81%-ы ескірген.
«Аудандағы электр желілерінің ұзындығы 1000 км-ден асады. Жыл басынан бері электр желілерінде барлығы 320 апат тіркелді, бұл кабельдердің тозғанын білдіреді. «АЖК» АҚ күштерімен тозуды азайту және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 50 км реконструкциялау жұмыстары жүргізілді»- деді А. Жақыбаев.
Су құбыры желілерінің 72,5%-ы тозған, оның салдарынан 130 апат тіркелді. Сумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 4 учаскеде 1,9 км.желіні қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Жалпы, аудан халқы 100%-ы сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілген.
Алмалы ауданында барлық 1395 көппәтерлі тұрғын үй жылумен жабдықталған. Жылу желілерінің 63% - ы ескірген.
«Биыл Бөгенбай батыр көшесінің бойымен Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батырға дейінгі 400 м жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Оған қосымша 16 мекенжай бойынша жоспарлы жұмыстар аяқталды», - деп толықтырды аудан басшысы.
Аудан тұрғындары 95% су бұру жүйесімен қамтамасыз етілген. Ауданда «Алматы Су» МКК балансында орналасқан 249 км кәріз желілері бар.
Ауданның су бұру желілері бойынша тозу 79,2% - 198,2 км. биыл жеке сектордың 6 көшесінің тұрғындары: Қастек-2, Моңғол, Есентай, Бруно, Рахманинов, Қожамқұлов жалпы ұзындығы шамамен 3 км орталық кәрізбен қамтамасыз етілді.
«2024 жылы халықтың 99% - ы су бұру жүйесімен қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде ұзындығы 14 км ауданның 25 көшесінде су бұру құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - деп атап өтті А.Жақыбаев.