Халықтың әлеуметтік осал санаттарына коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі өтеледі. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді.
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын 315 мың азамат тұрады.
«Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы шеңберінде әкімнің тапсырмасы бойынша 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мөлшері 0,5 айлық есептік көрсеткішті (1725 теңге) құрайтын коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне байланысты халықтың әлеуметтік осал топтарының 8 жекелеген санатына (ХӘОТ) өтемақы төлеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі», - деп атап өтті Б. Жаубасов.
Ол 2023 жылғы 1 қарашадан бастап электр энергиясына бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік көмек мөлшері 0,6 АЕК-ке (2070 теңге) дейін ұлғайтылғанын айтты.
2023 жылы осы көмек түрі жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 315 мың адамнан 133 мың адамға көрсетілді. 2024 жылы жергілікті бюджеттен 0,6 АЕК мөлшерінде өтемақы төлеу үшін 4,1 млрд теңге бөлінді.
2024 жылдың наурыз айынан бастап 1 кВт үшін электр энергиясының бағасын өзгерту жоспарлануда., жеке тұлғалар үшін «электр энергиясын бірыңғай сатып алушы» моделін 10% - ға енгізуге байланысты (23,13 теңгеден бастап. 25,55 теңгеге дейін., 2,42 тг. ҚҚС есептемегенде), бұл тұрғын үйде электр энергиясы үшін төлемді 505,78 теңгеге көбейтуге әкеп соғады. (209 кВт.*2,42 тг.).
«ХӘОТ қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және қаржылық жүктемені азайту үшін қолданыстағы әлеуметтік көмектің мөлшерін 2024 жылғы 1 наурыздан бастап, ережелерге тиісті өзгерістер енгізе отырып, 0,75 АЕК (2769 тг.) дейін арттыру ұсынылады.», - деп атап өтті салалық басқарманың басшысы.
Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік төлем мөлшерін 2024 жылғы наурыздан бастап 0,75 АЕК (2769 теңге) дейін ұлғайтуды көздейді. Айырмашылық 0,15 АЕК (553 тг.) электр энергиясы бағасының есептік өсуін толығымен жабады.
Оның ішінде жетім балаларға тиесілі (1143 адам) әлеуметтік төлем алушылар тізбесін кеңейту жоспарланған.
Төлемдерді аудан әкімдерінің аппараттары ай сайын жүргізетін болады. Осы әлеуметтік төлемді алатын ХӘОТ үшін құжаттарды қайта ұсыну талап етілмейді.
2024 жылға қаржыландыру 315 мың адамға бөлінді. 26 ақпандағы жағдай бойынша 134,5 мың адам әлеуметтік көмекке жүгінді. Өтемақы мөлшерін арттыру ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қаражатты үнемдеу есебінен төленетін болады.
Мәслихаттың тиісті шешімінің жобасын Алматы қаласы мәслихатының қарауына және бекітуіне енгізу жоспарлануда.