Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы лауазымына Нұрлан Нұрғабылов тағайындалды.

Нұрлан Нұрғабылов 1988 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша мен University of Dundee (Ұлыбритания) бітіріп, құқық магистрі біліктілігін алды.

Еңбек жолын 2008 жылы «Macleod Dixon LLP» компаниясының Алматы филиалында бастаған. Астанадағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ұлттық талдау орталығы» АҚ Экономикалық стратегиялар департаментінде сарапшы-талдаушы болып жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары - Әділет министрлігі мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау Департаментінің бас сарапшысы.

2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы болды.

Еске салсақ, Алматы Мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясында жаңа сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармалары бекітілді. Жаңа құрылымдар аудандық әкімдіктердің басқа басқармаларын, аппараттарын оңтайландыру есебінен қалыптасады және штатты ұлғайтуды көздемейді.

Фотосуреттер мен ақпарат: Алматы қаласының әкімдігі