Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде тауар белгілерін заңсыз пайдалануға қарсы күрес туралы айтып берді.
Контрафактілік өнімдер ел экономикасына зиян келтіреді, өндірушілердің кірісін азайтады.
«Бүгін біз ең өзекті мәселелерінің бірі – тауар көшірмелерімен күресу және оның белгілерінің құқықтарын қорғауды талқылау үшін жиналдық. Жаһандану және коммерциялық белсенділіктің өсуі дәуірінде контрафактілік өнім мәселесі барған сайын өзекті және өткір бола түсуде. Сауда белгілерін заңсыз пайдалану құқық иелеріне зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар тұтынушылардың нарыққа деген сеніміне нұқсан келтіреді, сондай-ақ, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Алматы қаласы Қазақстан Республикасының маңызды экономикалық және мәдени орталығы ретінде бұл мәселеден тыс қалмайды», - деді Еркебұлан Жетпісбаев.
Ол Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі құқық иеленушілердің немесе олардың заңды өкілдерінің сенімхаты бойынша өтініштері мен жүгінулері негізінде, кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 158 – бабы бойынша «Бөтеннің тауар таңбасын Заңсыз пайдалану, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалану» фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін белсенді жұмыс атқаруда екенін атап өтті.
Әділет органдары Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқаулар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына сәйкес, істі әкімшілік заңнама шеңберінде тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша ғана қарауға уәкілетті.
«Ағымдағы жылдың басынан бастап Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі мынадай нәтижелерге қол жеткізді: 66 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесіп, іс қозғады, оның барысында 31 млн 223 мың 523 теңгеге 31 978 контрафактілік өнім заңсыз айналымнан алынды. Жоғарыда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау нәтижелері бойынша сот құқық бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 4 750 364 теңгеге айыппұл салды», – деп нақтылады Е.Жетпісбаев.
Тауар таңбаларын заңсыз пайдалану мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер әртүрлі санаттар бойынша жүзеге асырылды:
- ойыншықтар: LEGO- құрастыру бөлшектері;
- киім: PUMA, NEW Balance,
- автомобиль бөлшектері мен керек – жарақтары: KIA/Hyundai – бөлшектер, Alca – тазалағыштар; SKF – мойынтіректер; MTEC-шамдар; WD – 40 – аэрозоль; Liqui Moly-Мотор майлары;
- парфюмерия және косметика: Zielinski & Rozen, Relouis;
- кеңсе тауарлары: Cello-қаламдар; Луч-пластилин;
- Тұрмыстық техника және электроника: SAMSUNG, LG-теледидарлар; ALMACOM-кондиционерлер; Apple, Sony PlayStation-электроника;
- кәмпиттер: Линдт;
- тұрмыстық химия: Persil - Персил, Bref - бреф, palet - палет.
Брифингке қатысқан Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаев Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөтен тауар белгілерін заңсыз пайдаланатын құқық бұзушылар үшін әкімшілік жауапкершілік, қылмыстық жауапкершілік және азаматтық сот ісін жүргізу көзделгенін атап өтті.
«Көшірмемен күресу және сауда белгілерін қорғау – біздің алдымызда тұрған маңызды міндет. Алматы қаласының Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете отырып, адал және ашық нарық құруға ықпал ете отырып, осы бағытта белсенді жұмыс істеуді жалғастырады. Біз заңсыздықтың жолын кесу арқылы осы маңызды салада айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз», – деп атап өтті Алмас Бекботаев.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ