Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығының 60 жылдығына арналған брифинг өтті. Бұл тек қаладағы ғана емес, жалпы Қазақстандағы осындай мекемелердің алғашқыларының бірі. 1964 жылы құрылған орталық бүгінде қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға әлеуметтік қызметтер мен қолдау көрсетеді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына арналған Қарттар үйі ретінде ашылғаннан бері мекеме қызмет көрсету аясын өзгерту мен кеңейтудің ұзақ жолынан өтті. 1974 жылы ол қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі деп атала бастады, ал 2002 жылдан бастап психоневрологиялық аурулары бар адамдарға мамандандырылған көмек көрсете бастады. Бүгінгі таңда «Демеу» қарамағындағы 700-ден астам адамға кешенді әлеуметтік қызмет көрсету арқылы қамқорлық көрсету дәстүрін жалғастыруда.
«Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы әрқашан өз тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға және оларға жоғары сапалы қызмет көрсетуге басымдық берді. Осы жылдар ішінде ондаған мың адам қолдау мен көмек тапты», — деді орталық директоры Данипа Искакова.
Орталықта паллиативтік көмек бөлімшесін қоса алғанда, жеті бөлімше жұмыс істейді, онда қамқоршыларға медициналық көмектің кең спектрі ұсынылады: мұнда дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық-әлеуметтік тексерулер, дәрігерге дейінгі көмек, оңалту іс-шаралары және медициналық процедуралар жүргізіледі. Орталық жоғары санатты мамандар жұмыс істейтін емдеу кабинеттерімен, стоматологиялық және физиотерапиялық кабинеттермен, ЕДШ кабинетімен және массаж кабинетімен жабдықталған. Сонымен қатар, әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық және мәдени қызметтер ұсынылады.
Орталықта әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту шеңберінде құрылған және қаланың ең үздік әлеуметтік жобаларының біріне айналған дербес тұратын үй жұмыс істейді. Үйде жұмыспен қамтылған және өз бетінше өмір сүретін 15 адам тұрады; оның тәжірибесін Қазақстан мен көрші елдердің мамандары қабылдады. Сонымен қатар, орталықта үй жағдайына жақын сыйымдылығы жағынан шағын екі үй жұмыс істейді.
Орталықта концерттер, киносеанстар және үйірмелердегі сабақтарды қоса алғанда, бос уақыт іс-шаралары өткізіледі, бұл әлеуметтік интеграцияға және белсенділікті сақтауға ықпал етеді. Мұнда спортқа да ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, Орталық қамқорына алынғандар Special Olympics қозғалысына және қалалық марафондарға белсене қатысады.
«Біз әрбір қызмет алушының өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі үшін барымызды саламыз. Біздің қамқорлығымыздағы жандар республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады. Сондай жарыстардың бірінде орталық командасы шағын футболдан өткен турнирде жүлделі орынға ие болған. Сондай-ақ, орталықтың 15 қызмет алушысы Астана қаласында өткен «Асыл жүрек» республикалық фестиваліне қатысып, 1 орынға ие болды», - деді Д.Искакова.
Сонымен қатар, Орталықтың қызметкерлері, соның ішінде медбикелер, шетелде білімдерін толықтырып, үнемі біліктіліктерін арттырып отырады.
Бүгінгі таңда орталықта қамқорлығына алынған 704 адам тұрады, оның ішінде 389 ер адам, 315-і әйел, 202-сі зейнет жасындағы адамдар.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ