Ең алдымен, аудан үшін тұрғындардың қауіпсіздігі - басты басымдық. Осы мақсатта апатты жағдайлардың алдын алу және жою бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы 85 учаске толық тексеруден өтті. Бұл туралы аудан әкімі Еркебұлан Оразалин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында атап өтті.
Бұл жұмыстарды 2024 жылдың 19 ақпанынан бастап мемлекеттік органдар мен сараптамалық ұйымдар мүшелік еткен жұмыс тобы атқарды. Тексеру нәтижесінде 21 учаскенің жағдайы тұрақты деп танылды.
Ал 16 учаскеде төтенше жағдайлар аясында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 7 учаске рекреациялық аймаққа енгізіліп, 2 учаске мемлекеттік мұқтаждық үшін сатып алынды.
Қауіптің алдын алу және жер бедерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 39 учаске бойынша кешенді шаралар жүргізілді. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және сырғыма қаупін азайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ