Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі еңбек адамдарын құрметтеп, челлендж өткізді.

ӨКҚ қызметкерлері күн сайын қаламыздың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп, қаланы қауіпсіз де жайлы етуге атсалысып жүрген жұмысшылардың қолына бір-бір шоколад ұстатты.

Бұл жұмысына ықыласпен қарайтын, әр ісін адал атқаратын жұмысшы мамандықтардың Алматының дамуына қосқан үлесіне алғыс айтқанымыз.

Жұмысшы мамандықтар жылы – қалаға қамқор жандарды құрметтейтін жыл.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ