Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы, генерал Айдын Қабдулдинов жұмысқа орналаса салысымен бірінші болып бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.

Журналистермен, блогерлермен жүздесу барысында ол алаяқтарға қарсы күрестегі өз басынан өткен бір оқиғаны баяндап берді. Генералдың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып жүрген кезде өзі де алаяқтардың арбауына түсіп қала жаздаған. Жұбайың жол апатына түсіп қалды деп, олар генералды алдамақ болыпты.

Қазір аляқтардың құрығы ұзын. Кез келген адам осындай жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан барынша сақ болып, алданып қалмау керектігін ескертті.

Полиция департаментінің бастығы блогерлер мен журналистердің полиция қызметінің өзекті бағыттары, құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғаммен байланысқа қатысты сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ