2026 жылғы 18 және 19 қаңтар күні Алматыда Крещение мерекесінің рәсімдері өтеді. Қала аумағында қауіпсіздікті барынша сақтап, арнайы жабдықталған 10 ресми орын белгіленді осыған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Төтенше жағдайлар департаменті мен православ шіркеуінің өкілдері осылай деді. Олардың айтуынша, барлық алаңды жауапты қызметтермен келісіп, діни рәсімді қауіпсіз етіп өткізуге барын салыпты.

«Крещениеде шомылу – бұл ең алдымен рухани дәстүр. Оған әр адам саналы түрде қатысып, денсаулығына мән беріп, белгіленген ережелерді неғұрлым ескеріп, айналасын да қадағалап отыруы керек», – дейді Александр Суворов.

Биыл шомылу рәсімдері қаланың барлық ауданындағы православ шіркеуінің аумағында өтеді. Қала тұрғындарына арнап шомылатын орындарда нақты күндер мен жұмыс уақыты қосымша белгіленіп қойылды.

Шомылуға арналған ресми орындардың тізімі:

  1. Крестовоздвиженский шіркеуі – Қарасу шағынауданы, Высоковольтная көш., 37Б (18 қаңтар 11:00–15:00; 19 қаңтар 00:00–22:00).
  2. Христос ғибадатханасының приходы – Райымбек даңғ., 493 (18 қаңтар 12:00-ден 19 қаңтар 22:00-ге дейін).
  3. Николай соборы – Байтұрсынов көш., 56/5 (18 қаңтар 11:00–16:00; 19 қаңтар 11:00–18:00).
  4. Первомайский кентіндегі Успенский шіркеуі – Құдабайұлы көш., 86 (19 қаңтар 09:30–23:00).
  5. Параскева шіркеуі – Жансүгіров көш., 500В (18 қаңтар 22:00-ден 19 қаңтар 22:00-ге дейін).
  6. Ивер-Серафим әйелдер ғибадатханасы – Хамиди көш., 30 (18 қаңтар 10:30-дан 19 қаңтар 23:00-ге дейін).
  7. Благовещенский шіркеуі – Алатау шағынауданы, Ибрагимов көш., 13 (18 қаңтар 23:30-дан 19 қаңтар 23:00-ге дейін).
  8. Қазан иконасы шіркеуі – Халиуллин көш., 45А (18 қаңтар 10:30-дан 19 қаңтар 16:00-ге дейін).
  9. Рождество приходы – Ақжар шағынауданы, Егінсу көш., 1Б (18 қаңтар 12:00–20:00; 19 қаңтар 12:00–20:00).
  10. Покров-Всехсвят шіркеуі – Юных Пионеров көш., 85 (19 қаңтар 11:30–19:00).

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Денис Ярцевтің айтуынша, Крещение өтетін орындарда құтқару мен жедел қызметтер тәулік бойы тынбай кезекшілік етпек.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекшілікке Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Қалалық құтқару қызметінің, Апаттар медицинасы орталығы мен дәрігерлер тартылады. Шомылатын барлық орындар алдын ала тексеріліп, дайындалған», – деп атап өтті ол.

ТЖД-де ресми түрде белгіленген жерде ғана шомылуға рұқсат етілгенін ескертті. Жағалауы тайғақ, мұз да тұрақсыз, мұз астындағы судың ағыны да күштірек болғандықтан, қалған су айдынында, соның ішінде тоғанда, сондай-ақ Үлкен және Кіші Алматы өзенінде шомылуға тыйым салынады.

«Аталған су айдындарын мұз басқан, таулы өзендерге апаратын жол өте тайғақ. Адам тайып кетіп, аяқ-қолын сындырып, жарақат алып қалуы әбден мүмкін. Мұз астындағы өзен ағысы да өте қатты, тепе-теңдігін жоғалтқан немесе талып қалған адам ағып кетуі мүмкін», – деп ескертеді ТЖД өкілі.

Оқыс оқиғаның алдын алу үшін мынаны қаперде ұстаңыз:

  • тек арнайы белгіленген орындарда шомылу;
  • мас күйде суға түспеу керек;
  • ашық жерде (мұз үстінде) жабдықталған ойықтың маңында 3 адамнан артық болмауы тиіс;
  • шомылар кезде денені қыздыру үшін жаттығу жасап, жүгіріп алу;
  • медицина қызметкерлері мен құтқарушылардың көз алдында шомылу;
  • шомылғаннан кейін түкті сүлгімен сүртініп, құрғақ киім киіп, жылы шай ішу.

Ұйымдастырушылар алматылықтарды шомылу рәсіміне жауапкершілікпен қатысып, күн райы мен денсаулығын ескеруге шақырады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ