Елде үлкен өзгеріс болып жатқанда жаңа Конституцияны түсіндіруде жоғары оқу орындары алдынғы қатардан көрінді. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Конституциялық комиссия мүшесі Еркін Дүйсенов мәлімдеді.

«Мен Конституциялық комиссия құрамында жұмыс істедім. Онда университетіміздің атынан ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев екеуіміз болдық. Комиссия жұмысы барысында-ақ университеттердің рөлі маңызды болды: кәсіби заңгерлер мен конституциялық құқық зерттеушілері Конституцияны реформалауға үлкен үлес қосты», – деп атап өтті Дүйсенов.

Оның айтуынша, бүгінде қоғам жаңа Конституция жобасының ережелерін толық түсіне бермейді. Сондықтан университеттер азаматтарды ағарту мен түсіндіру бағытында аса маңызды міндет атқарып отыр. «Қазақ ұлттық университеті күн сайын сайлаушылармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Заң факультетінің іс жүзінде барлық құрамы, шамамен 100 адам, осы іске тартылған. Студенттер де пікірталас пен түсіндіру жұмысына белсене атсалысып жатыр», – дейді профессор.

Оның сөзінше, еліміздің басқа да жоғары оқу орындары осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұл жоғары оқу орындарын референдумға дайындық барысында ғылыми әрі білім беру ықпалының негізгі орталықтарына айналдырып отыр.

«Егер университеттер мен кәсіби заңгерлер болмаса, жаңа конституцияның қандай артықшылығы бар екенін кім түсіндіреді?» – деп атап өтті Дүйсенов.

Сондай-ақ ол Басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаевтың маңызды рөлін атап өтіп, оның бастамасымен түсіндіру жұмыстары басым бағыт ретінде айқындалғанын жеткізді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ