Қоғамда конституцияға енген өзгеріс қызу талқыланып жатыр. Елдің негізгі заңына неге түзету енгізді? Бұл біраз адамның ойында жүрген сұрақ.
«Қазақстандағы ұйғыр жастарының одағы» РҚБ төрағасы, қоғам қайраткері Рустам Кайрыев бұл мәселеге басында күмәнмен қарапты.
«Әрине, көпшілікті “Конституцияны неге өзгертеді?” деген сұрақ мазалады. Бұл қалыпты жағдай. Солардың қатарында мен де болдым. Ұсынылған өзгерістерді зерттеп, сарапшылар мен талдаушылардың пікірімен танысып, пайдасы көп екеніне көзім жетті», — дейді ол.
Рустам Қайрыевтің айтуынша, өзгеріс жаһандық үрдістерге байланысты қолға алынған. Әлемдік кеңістік қарқынды өзгеріп жатқанда мемлекеттер жаңа сын-қатерге бейімделу үшін құқықтық жүйесін жаңартуға мәжбүр.
«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, конституциялық нормаларды жаңарту — табиғи әрі заңды үдеріс. Соңғы 15 жылдың өзінде әлемде 3200-ден астам саяси реформа жүргізілген. Әр мемлекет басқару жүйесін жетілдіріп, құқықтық тетіктерін нығайтуға ұмтылады», — дйді қоғам қайраткері.
Ол азаматтарды шет қалмай, ұсынылып отырған өзгерістермен мұқият танысып, дауыс беруге қатысуға шақырды.
«Әр азамат Конституция жобасымен танысып, міндетті түрде дауыс беретін учаскеге барып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруі тиіс», — деп түйіндеді Рустам Қайрыев.
Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылау жалғасып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, азаматтардың оған белсене қатысуы — ел болашағын қалыптастыратын маңызды шешім болмақ.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ