Алатау ауданы негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша тұрақты өсім көрсетіп отыр. Бұл туралы аудан әкімі Данияр Қырықбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 45,9 млрд теңге түскен бұл жылдық жоспардың 32%-ы. Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда түсім 8,3 млрд теңгеге артып, 122%-ға жетіпті. Республикалық бюджетке 17,1 млрд теңге, жергілікті бюджетке 28,8 млрд теңге түскен.
Өнеркәсіп саласында да едәуір өсім бар. Биылғы қаңтар–ақпан айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 212,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 81,9 млрд теңгеге артық немесе 62,6%-ға өскен.
Ауданның қаланың жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 37,1%-ға жетті.
«Аудан қазір қаланың өнеркәсіп көлемінің үштен бірінен астамын қалыптастырып отыр, бұл оның қала экономикасындағы маңызды рөлін көрсетеді», – деп толықтырды өз сөзін аудан әкімі.
Өнеркәсіп секторында 3 үлкен және 11 орта кәсіпорын бар.
Сауда саласында да өсім бар. Қаңтар–ақпан айларында бөлшек тауар айналымы 52,1 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 105,1%.
Былтырғымен салыстырғанда көрсеткіш 7 млрд теңгеге (15,5%-ға) артты.
Сонымен бірге инвестициялар көлемі де 68,1 млрд теңгеге жетіп, жылдық мәнде 58,8 млрд теңгеге өскен.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі