Алматы қаласы Түрксіб ауданының көшелерінде жаңа асфальт төселетіні туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында аудан әкімі Бахытжан Ақжаров мәлімдеді. Спикердің айтуынша, мердігерлік ұйымдар жол құрылысы мен көлік инфрақұрылымының сапасын айтарлықтай жақсартуда.Алдағы уақытта жергілікті органдар 2021 және 2022 жылдары Әлмерек, Қайрат және Нұршашқан шағын аудандарында жолдар салады.

Түрксіб ауданының әкімі Бахытжан Ақжаровтың айтуынша, Әлмерек шағын ауданындағы ұзындығы 14,6 км болатын 46 көшеде жаңа асфальт төселеді. Қайрат шағын ауданында ұзындығы 29,3 км болатын 78 көшеде және Нұршашқан шағын ауданында ұзындығы 5,1 км болатын 25 көшеде жаңа асфаль пайда болады.

Сонымен қатар, аудан бойынша ұзындығы 13,5 км болатын 20 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі.

«Мамыр айының соңына дейін Рысқұлов даңғылында 4 шақырым тротуар салынады. Оған қосымша, биыл12 учаскеде тротуарлар салу жоспарланған. Бұқтырма - Құлжа жол айрығының құрылысы жалғасуда», - деді Бахытжан Ақжаров.

Аудан әкімі қазіргі уақытта шұңқырларды жөндеу жұмыстары ерекше бақылауда екенін нақтылады. Бүгінде 144 көше жөнделіп, 6,1 мың шаршы метр асфальт төселді. 16 көшеде жұмыстар жалғасуда. Барлық жөндеу жұмыстары тиісті қарқынмен жүргізілуде.

«Жаңа Алматы» шет аймақтарды дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 2 тоқсанында жалпы ұзындығы 137,2 км және 2500-ден астам үйді қамтитын Әлмерек, Нұршашқан, Қайрат шағын аудандарында сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталатынын атап өткен жөн. Бүгінгі күні жұмыстар 98% - ға орындалды. Содан кейіг барып қана онда жаңа жолдар пайда болады.

Аудан әкімі арықтарды салу мәселесі шешіліп жатқанын хабарлады. Айта кетейік, Түрксіб ауданында 37 көше бойынша 81,5 км арық бар. Бүгінде жасыл экономика басқармасы әзірлеп жатқан ЖСҚ бойынша 125 көшеде 100 км арық желілерін салу қажеттілігі бар.

Түрксіб ауданында 614 учаске жарықтандырылды, 8 463 шам орнатылды, оның ішінде Әлмерек, Қайрат және Нұршашқан шағын аудандарында. 91 учаске бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жансүгіров көшесі мен Қапшағай көпіріндегі сыртқы жарықтандыру желілері жаңғыртылды. Биыл Лавренев, Бекмаханов, Ақан сері, Бұқтырма, Құлжа трактілерін жарықтандыру жаңғыртылады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Нижняя Пятилетка, Жас Қанат шағын ауданында желілерді салу жосапрланып отыр. Бүгінде ЖСҚ әзірленді. Әлмерек, Шуақты шағын аудандары, Закарпатская көшесіндегі қалған үйлер бойынша желілер құрылысына ЖСҚ қосымша әзірленуде.