\2026 жылғы 3–4 тамыз күндері Алматы қаласының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген іс-шаралар барысында Жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 3 341 дерегі анықталды. Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 190 өрескел құқық бұзушылық тіркелді.

Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:

  • көлік құралын мас күйінде басқару – 14 дерек;
  • көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік басқаруы – 3 дерек;
  • маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 158 дерек;
  • жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын пайдалану және басқару – 2 дерек;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау – 115 дерек;
  • қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу – 13 дерек;
  • көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 89 дерек.

Бұдан бөлек, 122 көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Дереккөз: Алматы қаласының прокуратурасы.