Алматыда жолдағы жұмысқа байланысты 500-ден астам тексеру жүргізіліп, 1,3 мыңнан астам материалдың үлгісі сынақтан өтті
Алматы қаласында жол жұмыстарының сапасын бақылау нәтижелері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматыдағы бөлімшесінің басшысы Мәулен Әліпов баяндады. 2025 жылы Қалалық мобильдік басқармасымен және қаланың сегіз ауданының әкімдігімен жасалған келісімшарттар аясында 509 инспекциялық тексеру жүргізіліп, соның барысында 1 385-тен астам жол-құрылыс материалдарының үлгілері іріктеліп, сынақтан өткізілді.