Жастарға арналған инфрақұрылым: Алматыда комьюнити-орталықтардың желісі кеңеюде
Алматы — елдегі ең жас әрі қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Бүгінде қаланың әрбір үшінші тұрғыны – 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Жас алматылықтардың жалпы саны 712,3 мыңнан асады. Бұл жай ғана статистика емес – жастар қаланың әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне белсенді араласып келеді.