Мереке қарсаңында Алматыда — Тәуелсіздіктің алтын бесігі саналатын қалада, жастар патриоттық акция өткізді.

Бұл жолы Мемлекеттік Тумен өткен акция алғаш рет мұз айдынында ұйымдастырылды: қатысушылар алып көк Туды салтанатпен көтеріп алып өтті, бәрі бірге ҚР Әнұранын шырқап, өтіп бара жатқан жұртқа кішкентай жалаушалар таратып шықты. Флешмоб Арбат пен Назарбаев даңғылындағы жаңа алаңқайда өтті.

Өтіп бара жатқан адамдар тоқтап, болып жатқан жайтты фото мен видеоға түсірді, қатысушыларды қолдап, қандай әсер алғанын айтты. Бұл бастама Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған кешенді іс-шаралар бағдарламасы аясындағы өткен акциялардың бірі болып отыр.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ