Н. Сац атындағы театрда Дінмұхамед Қонаевтың идеясын жүзеге асыру жоспарланып отыр: жаңалап болғаннан кейін кіреберісіне мәрмардан жасалған панно орнатпақ
Әуезов аудандық әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында журналистер Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын қайта жаңғырту жұмысымен танысты. Театрдың кіреберісіне мәрмардан жасалған панно қою – Дінмұхамед Қонаевтың идеясы.