Бостандық ауданында биылғы бірінші жарты жылдықта инвестиция 37,4%-ға, салық 21,1%-ға артты
Бостандық ауданы қала экономикасының басты қозғаушы күші болып қала береді. Биылғы алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша аудан инвестиция, кәсіпкерлік, сауда мен салық түсімі жағынан тұрақты өсім көрсетті. Аудан инвестиция тартумен ғана шектелмей, шағын және орта бизнестің орталығы да болып қалды, деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметінде Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин.