Алматыда халықты жұмыспен қамту бойынша іске асырылып жатқан бағдарламалары туралы айтылды
Өткен жылы мегаполисте Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жұмыс істеді, ал осы жылдан бастап кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламалар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова егжей-тегжейлі айтып берді.