Алматыдағы Алатау ауданының әкімі тұрғындардың сұрағына жауап берді
Алатау ауданы биыл жол салу, инженерлік желіні жаңғырту мен коммуналдық ақауды жою сияқты қордаланып қалған шаруаларды шешіп алмақшы. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Данияр Қырықбаев осылай деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ шағынаудандағы асфальттың жоқтығына, үйлерді бұзу мен үлкен жол жобасының мерзіміне байланысты тұрғындар мен журналистердің қойған сұрағына жауап берді.