Алматыда 31 желтоқсан қалай аталып өтеді
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді. 31 желтоқсан күні сағат 18:00-ден 00:30-ға дейін Астана алаңында қаладағы басты жаңа жылдық концерт өтіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын бір шаңырақ астына жинайды.