Алматыда шетел азаматтарын бақылауды күшейтті
Бірінші тоқсанда ғана Қазақстанға шамамен 2,8 миллион адам кіріпті. Шетелдіктердің біраз бөлігі Алматыға келген. Соған қарамастан, қаладағы көші-қон мәселесін бақылауда ұстап отырмыз. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматыдағы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек осылай деп мәлімдеді.