Алматыда есту қабілеті бұзылған 10 мыңнан астам адам тұрады
Қазіргі уақытта Қазақстанда 150 мыңнан астам естімейтін және нашар еститін адам, ал Алматы қаласында есту қабілеті нашар 10 мыңнан астам адам тұрады. "Ten Qogam" есту қабілеті бұзылған адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының басшысы Аманбике Ерғалиева Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында халықтың осы санатындағы адамдарға қандай көмек көрсетілетіні туралы айтып берді.