“Алтын жас” бағдарламасын 2024 жылдан 2028 жылға дейін іске асыру жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов айтып берді.
Бағдарламаға Алматы қаласында тұратын және тіркелген зейнеткерлік жасқа толған зейнеткерлер, сондай-ақ меншік формаларының түріне қарамастан Алматы қаласының жұмыс берушілері қатысады.
"Зейнеткерлік жастағы адамдардың жалақысы жұмыс берушілердің қаражаты есебінен белгіленген жалақы мөлшерінің кемінде 50% және жергілікті бюджет қаражатынан 50% мөлшерінде субсидиялау, бірақ 1 ЕТЖ немесе 85 мың теңгеден аспайтын мөлшерде жүргізілетін болады", – деді Бауыржан Жаубасов.
Бағдарламаға қатысу мерзімі еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын тоқтату мүмкіндігімен 36 айдан аспайды.
Бағдарлама 2024 жылдан 2028 жылға дейінгі кезеңге арналған.
Бағдарламаға 2024 жылы кемінде 500 адам, 2025 жылы – 1000, 2026 жылы – 1500 адам қамтылады. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Алматы қаласында 2 249 370 адам тұрады, оның 247 844-ы зейнеткерлер, бұл халық санының 11%-ы.
Зейнет жасындағы адамдар үшін жұмыс орындарын құру қажеттілігін білу мақсатында жұмыс берушілер мен зейнеткерлер арасында сауалнама жүргізілді. Зейнет жасына толған 1 076 Алматы тұрғыны қатысқан сауалнама қорытындысы бойынша 80 жасқа дейінгі 48% (немесе 519 адам) еңбек қызметін жалғастыруға ниетті екенін жеткізген.
"Жұмысты жалғастырудың негізгі себептері қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылыс (15%), жұмыс орнында тәлімгерлік қызметті жүргізу қажеттілігі (40%) және қосымша табыс табу (45%) болып табылады", – деп нақтылады Б.Жаубасов.
Мониторинг қорытындысы бойынша ведомстволық бағынышты ұйымдар мен жеке кәсіпорындар арасында 1 753 адамның жұмысқа орналасу қажеттілігі анықталды.
ӨКҚ спикері зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмысқа орналастыруда ең көп қажеттілік Денсаулық сақтау, білім беру және өнеркәсіп салаларында екенін, оның 47%-ы дәрігер, орта және кіші медициналық персонал, педагог, тәрбиеші, инженер, электрик, монтер, арматурашы, газ-электр дәнекерлеуші, машинист, экономист, бухгалтер, кассир т.б. сияқты білікті мамандықтар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Еуропа мен Азияның кейбір дамыған елдерінің (Германия мен Жапония) халықаралық тәжірибесін зерттеді. Зерттеу бұл бағдарламалардың іске асыру оң динамикасын көрсетті. Мысалы, Жапонияда зейнетке шыққан әрбір екінші адам еңбек қызметін жалғастыруда екен. Осыған байланысты, 2021 жылғы сәуірден бастап заңнамалық негізде міндеттеме енгізілді, оның шеңберінде компаниялар 70 жасқа дейінгі еңбек қызметіне мүмкіндік беретін жүйені іске асырады. Осы жүйе шеңберінде бизнес иелері 70 жасқа дейінгі қарттарды жұмыспен қамтып қана қоймай, осы санаттағы кадрлардың айналымына талдау жүргізуге міндетті.
Германияда 2014 жылдан бастап "Мини" зейнеткерлерді жұмыспен қамту форматы іске асырылған. Ол бойынша уақытша және тұрақты сипаттағы жұмысқа айына 450 евро мөлшерінде ең төменгі жалақы берілуде.
Осылайша, жұмыс берушінің осы бағдарлама аясында болсын немесе өз ықтиярымен болсын зейнеткерлерді жұмысқа орналастыруға мүдделі болуы қамтамасыз етілді.
Бағдарламаны іске асыру келесі алгоритм бойынша, қаржыландыру лимитін негізге ала отырып, Алматы қаласының еңбек ұтқырлығы орталығы (мансаптық орталық) арқылы жүзеге асырылады:
- жұмыс беруші электрондық пошта арқылы жұмыс орнының бос орнын көрсете отырып, өтінім береді Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. және оны электрондық еңбек биржасының онлайн сервисіне орналастырады Enbek.kz "зейнеткер үшін" деген белгімен;
- берілген өтінімдер негізінде Алматы қаласының еңбек ұтқырлығы Орталығы мамандығы, саны, ұзақтығы және жұмыс кестесі, айына еңбекақы мөлшері көрсетілетін ұйымдардың тізбесін жасайды;
- зейнеткерлік жастағы адам Алматы қаласының мансап орталығына жұмысқа орналасу туралы өтінішпен жүгінеді (Достық даңғылы, 85, 2 қабат, каб. 201 А) немесе электрондық пошта арқылы Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.;
- Мансап орталығының қызметкері түйіндеме жасауға және қолайлы жұмыс орнын таңдауға көмек көрсетеді және әңгімелесуге жолдама береді;
- жолдама берілгеннен кейін зейнеткер жұмыс берушімен әңгімелесуден өтеді, ол сәтті өткен кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты жасалады;
- жұмыс беруші Алматы қаласының еңбек ұтқырлығы орталығына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты және Бағдарламаға қатысушының еңбек шартының көшірмесін ұсынады.