2024 жылдың 18 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде заманауи суретші, қолөнерші - Сергей Денисовтің «Жібек Жолы» атты жеке көрмесі ашылады.
Сергей Денисов – заманауи суретші, Орал қолөнершілерінің және Златоустов беземесінің жоғары өнерінің тарихи дәстүрлерінің ізбасары. Ғасырлар бойы жетілдірілген технологиялар, мінсіздікке жетелейтін шеберлік және уақыт рухының ерекше көрінісі оған ерекше өнер туындыларын жасауға мүмкіндік береді. Әрбір жауһарда дәстүрлер мен қазіргі заманның үйлесімді бірігуі байқалады.
DENISOV брендімен таң қалдыратын және иеленгіңіз келетін өнер туындылары жасалады. Златоустов нақышы стилінде безендірілген металдан жасалған бірегей авторлық жұмыстар.
Бүгінде Орал өңірінің қаласында атақты әрі даңқы шыққан қолөнердің бастауы 1815 жылы Златоуста суық қару өндіретін қару-жарақ фабрикасы ашылғаннан бастау алады. Осы мақсатта Золингеннен келген немістер златоустов шеберлеріне металды безендіруді үйретті.
Алғашқы қару жасаушы шеберлер қылыштарды жасауды және әшекейлеуді үйреніп ғана қоймай, осы өнерде өз ұстаздарынан да асып түсіп, әлемге әйгілі қолөнер – златоустов болат нақышының негізін қалаушылары болды.
Эксклюзивті технологиялық ізденістер, көркемдік дизайндегі батылдығы, табиғи тастармен, рельефты шынымен, жасанды және асыл тастармен безендірілген металды үйлесімді ұштастыру қабілетінің арқасында заманауи интерпретациядағы классика мен бірегей дизайнерлік үлгілер туындайды.
Сергей Денисовтың әрбір саяхаты жаңа жауһарларды әлемге паш етү үшін күшті серпін болып табылады. Басқа елдің мәдениетіне терең бойлай отырып, ең ұсақ бөлшектерді байқау және аңғару қабілеті, көргендерін қайта жасау дарыны бар Сергей Денисовтың данышпаны суретшінің авторлық қабылдау әсерінде ұйғарылған шындықты бейнелейтін керемет бұйымдарды дүниеге әкеледі.
ДЕНИСОВ брендімен жасалған таңғажайып, сәнді, терең мағыналы жұмыстар орындаудың шеберлігімен таң қалдырады. Мұндай өнер туындыларын, жаңа қырларды, егжей-тегжейлерді, аз ғана өзгешеліктерін өзің үшін бірнеше рет аша отырып және Шебер жасаған барлық туындының жоғары эстетикалық мағынасын түсіне отырып күнделікті тамашалағың келеді.
Көрме 2024 жылдың 14 шілдесіне дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі – Айгүл Хайдарова