Cтроим новые дороги, ремонтируем и продлеваем существующие
Жолды жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда — жаңа жол салып, бар жолды жөндеп, ұзартудамыз. Жақында Алатау көшесінің Сәбденов көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі 2 шақырымдық учаскесі ашылды. Төрт жолақты жол Наурызбай ауданының әкімшілік орталығын қаланың ірі магистралімен байланыстырды. Абай даңғылын тесу аяқталған соң қала орталығымен көлік қатынасы едәуір жақсарады.