Алматыда мемлекеттік аппаратты бюрократсыздандырудың бес принципі талқыланды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысты. Оның айтуынша, мемлекеттік аппарат жұмысының басымдығы формасы емес, мазмұны болуы тиіс.