Ағымдағы жылдың 23-25 наурыз аралығында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі шеңберінде мобильдік салық шағын автобус-кеңседе көшпелі кездесулер ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты – Байсат, Ақбұлақ, Тастақ, Көк базар, Таусамалы базарларының, Grand Park, MEGA, MART Village сауда орталықтарының үшінші кезеңінің декларанттарын жаппай қамту және жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін түсіндіру.

 

image010

Сауда орындарында 7000 астам кәсіпкерге практикалық көмек пен кеңес берілді, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы декларация тапсыруға көмек көрсетілді.

Алматы Департаменті заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде 250.00 нысаны бойынша декларация тапсыруы қажет екенін еске салады.

 

image030