Абайдың 181 жылдығына орай ҚазҰУ-де абайтану саласындағы жаңа білім беру жобасы мен ғылыми әзірлемені таныстырды
Абай күні қарсаңында Алматыда ұлы ойшылдың мұрасын зерделеудің осы заманғы тәсілдері, абайтану ғылымының дамуы мен жаңа ғылыми-білім беру жобалары туралы айтылды. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының өкілдері институттың қызметі, жаңа оқу пәнін енгізу мен Абай философиясын қазіргі білім беру жүйесінде тәжірибеде қолдану бағытындағы жұмыс жөнінде баяндады.