Алматыда Білім күні қарсаңында қыркүйек айында құрылысы аяқталатын 12 жаңа мектептің ашылуы жоспарланып отыр
Алматыда оқушы орнының тапшылығын азайтып, білім беру мекемелерін жаңғыртуға бағытталған «Келешек мектептері» мен «1300 мектепті оңалту» ұлттық жобасы жүйелі түрде іске асып жатыр. Биыл 1 қыркүйекте қалада 12 жаңа мектеп ашылмақ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов осылай деп мәлімдеді.