Алматы телемедицина орталығы КВИ-мен ауыратын 10 мыңнан астам науқасты бақылауда
Алматыдағы Телемедицина орталығының қызметкерлері COVID-19 жұқтырған 10 мыңнан астам науқастың жағдайын қашықтықтан бақылайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді.