Алматының өмірі мәдени іс-шараға толықты. Осымен 20-рет ұйымдастырылғалы отырған «Музей түні» өнер мен тарихтың жаршысына айналмақ
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде 17 мамыр күні кешкісін мәдени мереке — «Музей түні – 2025» өтеді. Бұл – халықаралық музей күні қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын, еліміздің өнері мен бай мұрасын құрметтейтін азаматтарды біріктіретін айтулы іс-шара. Биылғы «Музей түні» — мерекенің 20 жылдығына орайластырылып отырғандықтан, бұрынғыдан да мазмұнды әрі қызықты болмақ.