Ержан Бабақұмаров жеке медициналық ұйымдардың басшыларымен халықты бірлесіп вакциналау жоспарын талқылады
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта мегаполис аумағында орналасқан жеке емханалар басшыларымен кездесу өткізді. Кеңеске қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Н. Табынбаев пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ аумақтық филиалының басшысы Т. Әбілдаев қатысты.