Түрлі ЖШС, ЖК, АҚ-ның 2200-ден астам қызметкері коронавирус жұқтырды - Алматы эпидемиологтары вакцина алуға шақырады
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова вакциналау пандемияның алдын алудың жалғыз құралы екенін атап өтті. Оның айтуынша, бетперде киіп, қолды өңдеп, байланыс жасауды шектеу керек, алайда ауруға қарсы күресте ең тиімді қорғаныс вакциналану.