Алматыда қанша ағаш отырғызылады
Алматыда жасыл желек көбейеді және бұл жай «жасыл аралдар» ғана емес, нағыз жасыл алаңдар мен саябақтар болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлімдеді.