Ілияс Өсеров: қала әкімдігі зардап шеккен бизнеске қаржылай және өзге де қолдау шараларын пысықтауда
Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарына келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді.