Ержан Бабақұмаров Алматыда ҰБТ өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Білім басқармасының басшысы Л. Жылқыбаева және қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ж. Бекшинмен бірлесіп биыл 6 мамыр мен 30 маусым аралығында мегаполисте өтетін ҰБТ-ны ұйымдастыру жөнінде онлайн форматта кеңес өткізді.