Алматыда жасөспірімдер мен жастарға тегін әрі жасырын көмек көрсететін жастардың 14 орталығы жұмыc істейді
Мамыр айының 12-16 аралығында, Президенттің жанындағы Ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстанда республикалық репродуктивті денсаулық аптасы өтпек. Бұл бастамаға Алматы да қосылды. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі пресс-конференцияда алдағы осы аптаның қалай өтетінін айтты.